Зеленский Путинді кездесуге шақырды

Украина президенті Ресей президентін Минскте Қырым мен Донбасты талқылауға шақырды.

1232325
Зеленский Путинді кездесуге шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді Минскте Қырым мен Донбасты талқылауға шақырды.

Зеленский әлеуметтік желіде Украинаның дипломатиялық форматтарға қарсы шықпағанын атап көрсетті. Путинге Қырым мен Донбасты талқылауды ұсынған Зеленский: «Ресей президенті Владимир Путинге үн қатамын.  Сөйлесуіміз керек пе? Керек.  Қырымның кімдікі екенін және Донбаста кім бар екенін сөйлесейік» деді.

Зеленский «Сөйлесу үшін мына тұлғаларды ұсынамын: Мен, Сіз (Путин), АҚШ президенті Дональд Трамп,  Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Германия канцлері Ангела Меркель,  Франция президенті Эммануэль Макрон. Беларуссия президенті Александр Лукашенко бізді қуанышпен қабылдайды деп сенемін» деді.

Ресей президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та журналистерге Зеленскийдің ұсынысын назарға алатындарын білдіріп: «Кездесудің форматы мен нәтижесін түсіну керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар