Кенияның Сомали шекарасында террор шабуылы

Шабуылда 8 полиция қызметкері қаза тапты.

1219085
Кенияның Сомали шекарасында террор шабуылы

Кенияның Сомали шекарасы маңында долға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 8 полицияның қаза тапқаны білдірілді.

Жарылыс болған Важир аймағы лауазымдылары жергілікті баспасөзге жасаған мәлімдемеде жолға орналастырылған бомбаның полиция көлігі өткен кезде жарылғанын және 8 полиция мерт болды.

Лауазымдылар шабуыл кезінде полициялардың қауіпсіздік мақсатты күзету міндетін атқарғанын және тергеу жұмыстарының жалғасқанын білдірді.

Сомали және Кенияда Аш-Шабаб террор ұйымы алдында аймақта қауіпсіздік қызметкерлерін нысанаға алған шабуылдар жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар