Зариф Тегеранда жапон әріптесімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Тегеранда жапониялық әріптесі Коно Таромен кездесті.

1217498
Зариф Тегеранда жапон әріптесімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф астана Тегеранда жапониялық әріптесі Коно Таромен кездесті.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Зариф пен Кононың  Басра шығанағындағы дағдарыстың шешімін табуы және Жапония премьер-министрі Абэ Синдзоның сапарын бағаландырғаны білдірілді. 

Америка Құрама Штаттарының Иран халқына қарсы экономикалық соғыс ашқанын айтқан Зариф:

"Осындай ауыр шарттарда халқымыздың байлық пен тыныштығы үшін ыңғайлы жолдар қарастырдық.  Мұнайға тәуелді болмау жолымен бюджет пен қазына саясаттарын қайталай жөнге салдық" деп көрсетті.

Жапония Сыртқы істер министрі Коно Таро да премьер-министр Абэнің Иранға жасаған сапарын "тарихи" деп бағаландырды, аймақта дағдарыстың шешілуінің баршаның мүддесі үшін пайдалы болатынын дәріптеді.

Дағдарыстың шиеленісуінен баршаның зиян көретінін білдірген Коно Жапонияның мәселелерді шешетін барлық қадамды басуға дайын екенін атап өтті.

Жапония премьер-министрі Абэ Синдзо Иранға сапары алдында жасаған мәлімдемесінде АҚШ пен Иран арасындағы дағдарысқа алаңдап отырғанын білдіріп:

"Жапония аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы үшін рол атқаруды қалайды" деген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар