АҚШ Терроризммен күрес координаторы Салес Түркияға келеді

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің Террормен күрес координаторы Натан Салес Түркияға келеді.

1217510
АҚШ Терроризммен күрес координаторы Салес Түркияға келеді

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің Терроризммен күрес координаторы Натан Салес Түркияға келеді.

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі Терроризммен күрес координаторы Натан Салестің Түркияға зияратына байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде Терроризммен күрес координаторы Натан Салестің осы апта ішінде астана Анкарада Түркия лауазымдыларымен бас қосатыны білдірілді.

Кездесулерде шетелдік террористердің елдеріне қайтарылуы және сотталуы, шекара қауіпсіздігі, террористердің әрекет жасау алаңдарының тарылтылуы және террористік ұйым ПКК, Әл Кайда және ДАИШ-пен күрес тақырыптарының талқыланатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар