Әрбір екі сағатта бір ана мен 6 сәби қайтыс болады

ЮНИСЕФ жазбаша хабарлама жариялады.

1216150
Әрбір екі сағатта бір ана мен 6 сәби қайтыс болады

Йеменде әрбір екі сағатта бір ана мен 6 сәби қайтыс болады.

ЮНИСЕФ Йеменде жүктілік немесе босану барысындағы оқиғалар салдарынан әрбір екі сағатта бір ана мен 6 нәрестенің қайтыс болғанын білдірді.  ЮНИСЕФ жазбаша хабарлама жариялап,  Йеменнің соғыс салдарынан Таяу Шығыстағы ең кедей елдердің біріне айналғанын атап көрсетті.  Хабарламада: «Йеменде аналар мен сәбилері – ең әлсіз топ.  Ана мен балаға көмек үшін берілген медициналық қызмет құлдыраған. Елде жүктілік және босану барысында болған оқиғалар себебімен әрбір екі сағатта бір ана мен 6 сәби қайтыс болуда» деп айтылды.

Кедейлік салдарынан әйелдер үйде босануды таңдайды.  Елдегі медициналық мекемелердің тек 51 пайызы ғана толық мүмкіндігімен жұмыс жасаужа.  Алайда оларда да дәрі-дәрмек,  жабдық пен қызметкер тапшылығы бар.

Йеменде хоуситтер мен үкімет арасында қақтығыстар жалғасуда.

Хоуситтер 2014 жылдың қыркүйек айынан бері бас қала Сана мен кейбір аймақтардың бақылауын өз қолдарында ұстап тұр. Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылдың наурыз айынан бері Йемен үкіметіне қолдау көрсетіп келеді.

Елде аштық, тырысқақ,  қақтығыс және бомбалау нәтижесінде ауыр гуманитарлық трагедия бар.



Ұқсас жаңалықтар