Францияда түрік баланы көлік қағып кетті

10 жасар бала қайтыс болды. Қасындағы бала ауыр жарақат алды.

1216139
Францияда түрік баланы көлік қағып кетті

Францияның Лорьян қаласында жүргізуші куәлігі жоқ бір кісі соққан екі түрік баланың бірі қайтыс болды.  Бірі ауыр жарақат алды.

Франция баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда,  куәлігі жоқ жүргізуші полициядан қашып бара жатып жолда жүріп бара жатқан екі түрік баланы қағып кетті. Он жасар бала қайтыс болды.  7 жасар бала болса ауыр жарақат алды.

Апаттан кейін қашып кеткен 20 жас шамасындағы жүргізуші мен қасындағы кісінің ұсталуы үшін іздеу жүргізілуде.



Ұқсас жаңалықтар