Израильде ұшқары еврейлер Ақса мешітіне шабуылдады

Израиль полициясының қолдауындағы ұшқары еврейлер Шығыс Иерусалимдегі Ақса мешітіне шабуыл ұйымдастырды.

1215205
Израильде ұшқары еврейлер Ақса мешітіне шабуылдады

Израиль полициясының қолдауындағы ұшқары еврейлер басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимдегі Ақса мешітіне шабуыл ұйымдастырды.

Жергілікті ақпараттан алынған хабарларға қарағанда, 200-ден астам ұшқары еврей Израиль полициясымен бірге Фас қақпасынан Ақса Мешітіне кірді. Топтасып Қасиетті Харамның ауласында сенделген ұшқары еврейлер артынан Ақса Мешітенен шығып кетті.

Израиль полициясының қолдауындағы ұшқары еврейлердің Иерусалимдегі Ақса Мешітіне шабуыл ұйымдастыруы аймақтағы дағдарыстың артуына және палестиналықтар мен Израиль полициясы арасындағы қақтығыстарға себеп болуда. 

Израиль тарапынан жауланып жатқан Шығыс Иерусалимдегі Ақса Мешіті мұсылмандардың тұңғыш құбыласы болуымен ерекшеленеді. 

Еврейлер ішінде Құбыла мешіті сияқты мешіттермен қоса, мұражай, медреселер мен үлкен ауласы бар Ақса Мешіті күмбезінде ауыз жүзіндегі "Сүлейман қабірінің қалдықтары бар" деген сылтаумен қазба жұмыстарын жүргізуде. Ақса Мешітіне өздерінің де ғибадат жасау құқығы болғанын пайымдауда.  



Ұқсас жаңалықтар