БҰҰ Ливияда атысты тоқтатуға шақырды

БҰҰ Ливияның астанасы Триполиде шұғыл "гуманитарлық атысты тоқтату" шақыруын тастады.

1215198
БҰҰ Ливияда атысты тоқтатуға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливия қолдау тобы мөлшермен екі айдан бері ауыр қақтығыстар жалғасып жатқан Ливияның астанасы Триполиде шұғыл "гуманитарлық атысты тоқтату" шақыруын тастады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливия арнайы өкілі Гассан Селаменің Триполиде қақтығыстан қашқан ішкі көшпенділер паналаған мектепке сапарынан кейін БҰҰ Ливия қолдау тобы (UNSMIL)  жазбаша мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде Селаменің БҰҰ-на қарасты басқармалардың Триполидегі қақтығыстарды зерттегені және көшпенділер паналаған Әбузер әл-Гифари мен Ахмет ибн Шитван бастауыш мектептеріне сапарлай барғаны білдірілді.

Мәлімдемеде шұғыл гуманитарлық атысты тоқтату шарасының жасалуына және көшпенділерге берілген жәрдемнің көбейтілуіне шақыру тасталды.

Ливияның шығысындағы әскери күштердің қолбасшысы генерал Хафтер астана Триполиді басып алу мақсатымен 4 сәуірде шабуылға бұйрық берген, осыған орай Ұлттық ымыра үкіметі жасақтары операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар