Трамп Сириядағы қырғын жайлы мәлімдеме жасады

Трамп «Ресей, Башар Асад режимі және Иранның  Идлиб аймағына жасаған шабуылда көп адам өлді» деді.

1212868
Трамп Сириядағы қырғын жайлы мәлімдеме жасады

Трамп Сириядағы қырғын жайлы мәлімдеме жасады.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп  Ресей, Сирия режимі және Иранның Сирияның Идлиб қаласында көптеген жай халықты қырғындағанын айтты.

Дональд Трамп Идлибте әр күні ондаған халықты өлтіріл Ресей мен Башар Асад режимінің шабуылдарына байланысты Твиттер парақшасы арқылы мәлімдеме жасады.

Трамп мәлімдемесінде «Ресей, Сирия және Иранның Сирияның Идлиб аймағында шабуылдар ұйымдастырғанын және бейуаз халықтың өлтірілгенін көрудеміз. Барша әлем осы қырғынға қол қусырып қарап отыр» деген сөздер қолданды.

Трамп «Сирияда өткен ай Башар Асад режимі армиясы мен Иран қолдауындағы шетелдік террористтерден құралған  күштері іштерінде әйел және балалар болған 269 адамды қырғындады» деді.



Ұқсас жаңалықтар