АҚШ Грекия портына үйген әскери көліктер туралы мәлімдеме жасады

Пентагон мәлімдемешісі Эрик Пахон АҚШ әскерінің 9 жаттығуға дайындалғанын атап көрсетті.

1211250
АҚШ Грекия портына үйген әскери көліктер туралы мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі Грекияға әскери жасақтар үймегені жөніндегі қауесеттерді теріске шығарды.

Пентагон мәлімдемешісі Эрик Пахон АҚШ армиясының Еуропа көлемінде жаз бойынша 9 елде болып өтетін әскери жаттығулар үшін Грекиядағы бір портты өту бағыты ретінде қолданғанын жариялады.

АҚШ Құрлық Күштерінің Грекияның Александрия полис портына 700 шақты әскери көлік әкелгені жайлы қауесеттерге жауап қайтарған Пахон «АҚШ ұзақ уақыттан бері жоспарланған жазғы жаттығулардың жалғасы ретінде Грекиядан операцияларын жүргізуде» деді.

Осындай әскери көлік тасымалдау операцияларының НАТО одақтасы елдермен жиі өткізілгеніне назар аударған Пахон «Аталмыш грек портына 9 жаттығу өткізілетін Балкан мен Оңтүстік Еуропа елдеріне кіріс бағыты» деді.



Ұқсас жаңалықтар