Украина Парламенті Владимир Гройсманның отставка талабын мақұлдамады

Премьер-министрдің отставкасы үшін керекті 226 дауыс жиналмады.

1211471
Украина Парламенті Владимир Гройсманның отставка талабын мақұлдамады

Украина Парламенті премьер-министр Владимир Гройсманның отставка талабын мақұлдамады.  Президент Владимир Зеленский міндетке келген алғашқы күн үкіметтің отставка сұрауына орай, Гройсманның парламентке ұсынған жұмыстан кету шешімі үшін Жалпы Кеңесте дауыс берілді.

297 депутаттан тек қана 97 кісі болымды дауыс берді. Премьер-министрдің отставкасы үшін керекті 226 дауыс жиналмады.

Украина Атазаңына сай премьер-министрдің отставкаға кетуіне парламент шешім жасайды.

Премьер-министрдің отставкасымен Министрлер Кабинеті толық отставкаға кеткен  деп есептеледі. 

Жаңа үкімет құрылғанға дейін қазіргі премьер-министр мен министрлер міндетін жалғастырады.  

20 мамырда ант ішіп міндетке бастаған президент Владимир Зеленский парламенттің екі ай ішінде тарауына шешім қабылдап, үкіметтің отставкаға кетуін сұраған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар