Тегеранның бұрынғы әкімі жұбайын өлтіргенін мойындады

Тегеранның бұрынғы қала әкімі Мұхаммед Али Неджефидің жұбайын өлтіргенін мойындағаны білдірілді.

1210026
Тегеранның бұрынғы әкімі жұбайын өлтіргенін мойындады

Ирандық студенттер хабар агенттігі ISNA-ға сұхбат берген Қылмыстық прокуратура төрағасы Мұхаммед Шехрияри Тегеранның бұрынғы қала әкімі Неджефидің жұбайын өлтіргенін мойындағанын білдірді.

Неджефидің полицияға берілгенін атап көрсеткен Шехрияри «Неджефи отбасылық келіспеушіліктер себепті жұбайын өлтіргенін мойындады» деді.

Руханиге жақын кеңесшілердің бірі болған бұрынғы Тегеран қала әкімі Мұхаммед Али Неджефидің екінші жұбайы Митра Неджефи бас қала Тегеранның солтүстігіндегі Саадат Абад ауданындағы үйінде көгірегіне тиген оқпен өлтірілген болатын.

Бір кездері Оқу министрлігі міндетін атқарған Мұхаммед Али Неджефи кейін вице-президенттік қызметке тағайындалған еді. Неджефи 2017 жылғы сайлауда Тегеран қала әкімі болып сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар