Ирак премьер-министрі АҚШ-қа барады

Адил Абдулмехди жақында Америка Құрама Штаттары мен Иранға баратынын хабарлады.

1210154
Ирак премьер-министрі АҚШ-қа барады

Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехди аймақтағы соңғы оқиғаларды қолға алу мақсатында жақында Америка Құрама Штаттары мен Иранға баратынын хабарлады.

Абдулмехди Бағдатта баспасөз мәслихатын өткізді.  «Лауазым иелерімен кездесіп, аймақтағы жағдайды қолға алу және дағдарыстарды шешу үшін алдымыздағы күндері Вашингтон мен Тегеранға барамын» деді ол.

Иранға жүргізілген эмбаргоның нәтижесінен қашу үшін Ирактың келісімге мән бергенін білдірген премьер-министр АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы мәлімдемесінің «келісімді» қамтығанын,  Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джеват Зарифтің Бағдатқа келген сапарында жағдайдың нақтыланғанын тілге тиек етті.

Абдулмехди Америка Құрама Штаттарының «келісімді қамтыған» мәлімдемесі туралы көп айтпады.  Ал Трамп болса Жапония сапары барысында премьер-министр Абэмен кездесуінде Иран тақырыбын қолға алғанын білдіріп: «Ираннан көптеген адам танимын.  Бұлар тамаша адамдар.  Иранның тамаша ел болу мүмкіндігі бар.  Режим өзгерісін іздемейміз.  Ядролық қару қаламаймыз» деген болатын.

Иран Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні Бағдатта Ирак президенті Берзем Салихпен бас қосқан еді.  



Ұқсас жаңалықтар