Конго Республикасында 350 адам мінген қайық суға кетті

Май-Ндомбе көліндегі апат орнынан кем дегенде 30 адамның мәйіті табылды.

1208708
Конго Республикасында 350 адам мінген қайық суға кетті

Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда елдің батысындағы Май-Ндомбе көлінде сенбіден жексенбіге қараған түнде шамамен 350 адам мінген бір қайық суға кетті.

Баратын аялдамасына 10 шақырым қалған кезде суға кеткен қайықтағы 183 адам құтқарылды. Апат орнында кем дегенде 30 адамның мәйіті табылды.

Лауазымдылар іздеу құтқару жұмыстарының жалғасқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар