АҚШ Асад режимінің 19 мамыр күні химиялық қару қолданғанын жариялады

АҚШ Башар Асад күштерінің Сирияның солтүстік батысында жаңа химиялық шабуыл жасағанын мәлімдеді.

1205716
АҚШ Асад режимінің 19 мамыр күні химиялық қару қолданғанын жариялады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Морган Ортагус Сирияға қатысты жасаған жазбаша мәлімдемеде «АҚШ жаңа химиялық қару қолданғаны жөнінде Асад күштерінің Сирияның солтүстік батысындағы шабуылдарын жақын қадағалайды» деді.

Ортагус «Өкінішке орай 2019 жылы 19 мамыр күні Сирияның солтүстік батысында бір хлор газды шабуылға қоса, Асад күштерінің химиялық қаруды қайтадан қолдана бастағанын көрсеткен белгілерді байқаудамыз. Осы оқиғамен байланысты ақпараттар жинақтауды жалғастырудамыз, дегенмен Асад режимі химиялық қару қолданғанда АҚШ пен одақтастарының жылдам және лайықты жауап қайтаратыны жөніндегі ескертуімізді қайталаймыз» деді.

19 мамыр күні Асад режимінің атысты тоқтату бітімін бұзып миллиондаған жазықсыз адамға қауіп төндірген шабуылды Идлиб аймағында жасағанын атап көрсеткен Ортагус аталмыш шабуылдың Сирияның әртүрлі аймақтарындағы қақтығыстардан қашқан және Идлибті паналаған босқындарды нысанаға алғанын білдірді.

Морган Ортагус «Шындықтар ортада. БҰҰ қайта қайта баяндағандай Сирияда жасалғаны расталған химиялық шабуылдардың барлығын Асад режимі өзі жасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар