Француз теңіз флотының 7 соғыс ұшағы жедел түрде Суматра аралына қонды

Индонезия әуе күштері «Dassault Rafale» типі 7 француз соғыс ұшағының Суматра аралына жедел түрде қонғанын мәлімдеді.

1203940
Француз теңіз флотының 7 соғыс ұшағы жедел түрде Суматра аралына қонды

Үнді мұхитында ұшқан «Dassault Rafale» типі француздарға тиесілі 7 соғыс ұшағы нашар ауарайы себепті Индонезияның Суматра аралына жедел түрде қонуға мәжбүр болды.

Индонезия әуе күштері жасаған мәлімдемеге қарағанда Үнді мұхитында ұшқан француз әуе күштеріне тиесілі «Charles de Gaulle» ұшақ кемесінен көтерілген 7 соғыс ұшағының көтерілгеннен 90 минут өткен соң нашар ауарайы салдарынан Суматра аралының солтүстігіндегі Аче аймағындағы Сұлтан Ескендір Муда әуежайына жедел түрде қонғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар