Зариф Вашингтонмен ядролық келіссөз мүмкіндігінің жоқ екенін айтты

Зариф: "АҚШ атқарған эмбарголар экономикалық террор. Бұған рұқсат беру де экономикалық террорге жәрдем еткендік болады. Әрбір ел Ираннан мұнай алу мүмкіндігіне ие болуға тиісті" деп көрсетті.

1202782
Зариф Вашингтонмен ядролық келіссөз мүмкіндігінің жоқ екенін айтты

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Америка Құрама Штаттарының ядролық келісімнен шегінуінен кейін ортаға шыққан дағдарыстың екі тарап үшін өзін өлтіру болатынын,  алайда, Вашингтонмен ядролық келіссөз мүмкіндігінің жоқ екенін айтты.

Жапонияның  NHK телеарнасының хабарына қарағанда ресми кездесулер мақсатымен Токиоға барған Иран Сыртқы істер министрі Зариф Тегеран мен Вашингтон арасындағы дағдарысқа байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Иранның ядролық бағдарламасы мен екі ел арасындағы жағдайды жөнге салуы үшін АҚШ-пен келіссөз мүмкіндігінің сұралуына орай Зариф:

"Жоқ, АҚШ-пен келіссөз мүмкіндігі жоқ. Келіссөзге шақырудан бұрын АҚШ халықаралық қағидаларды атқаруы керек. Ядролық келісімге өздері қайшылық жасады" деп жауап берді. 

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Амеркиа Құрама Штаттарының ядролық келісімнен шегінуінен кейін ортаға шыққан дағдарысты "Екі тарап үшін де өзін өлтіру" деп бағалады.

Зариф: "АҚШ атқарған эмбарголар экономикалық террор. Бұған рұқсат беру де экономикалық террорге жәрдем еткендік болады. Әрбір ел Ираннан мұнай алу мүмкіндігіне ие болуға тиісті" деп көрсетті.

Жапонияға сапары алдында осы апта ішінде Түрікменстан және Үндістанға сапарлай барған Зарифтің бүгін Қытайға баруы күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар