Сирияда режим күштері ауызашар кезінде шабуылдады

Марратиннуман ауданында кеше ауызашар кезінде жасаған шабуылда 2 жазықсыз адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды.

1202427
Сирияда режим күштері ауызашар кезінде шабуылдады

Сириядағы Башар Асад режиміне тиесілі соғыс ұшақтарының «Идлиб дағдарысты азайту аймағы» шекарасы ішіндегі Марратиннуман ауданында кеше ауызашар алдында жасаған шабуылда 2 жазықсыз адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда Асад режиміне тиесілі соғыс ұшақтары Идлиб қаласының солтүстік батысындағы Марратиннуман және Серакиб аудандарына қоса Әл-Кебине, Термеле, Әл-Хабит және Шейх Мұстафа ауылдарына шабуылдады.

Түркия, Ресей және Иран 2017 жылы 4-5 мамыр күндері болып өткен Астана процесі келіссөздерінде Идлиб пен айналасын «дағдарысты азайту аймағы» жариялаған болатын.

Түркия мен Ресей режим күштерінің осы аяда басталған атысты тоқтату кезеңін бұзған шабуылдары қарсаңында аталмыш аймақ үшін қосымша келісім жасаған болатын.

Режим қолдаушыларының жәрдемімен 2018 жылы 17 қыркүйек күні Сочиде қол қойылған келіссөздерге қарамастан шабуылдарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар