Король Абдүлазиз Судан әскери кеңес төрағасын Меккеге шақырды

Сауд Арабиясы королі Судан әскери кеңес төрағасы Абдүлфеттах әл-Бурханды 14-ші кезең Ислам саммитіне шақырды.

1200598
Король Абдүлазиз Судан әскери кеңес төрағасын Меккеге шақырды

Сауд Арабиясы королі Селман ибн Абдүлазиз Судан әскери уақытша кеңес төрағасы Абдүлфеттах әл-Бурханды Мекке қаласында ұйымдастырылатын 14-ші кезең Ислам саммитіне шақырды.

Судан әскери уақытша кеңесінен тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемеде «Әскери уақытша кеңесі төрағасы Абдулфеттах әл-Бурхан 31мамыр-1маусым күндерінде Сауд Арабиясының Мекке қаласында ұйымдастырылатын 14-ші кезең Ислам саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы королі Селман ибн Абдүлазизден шақыру алды» делінді.

Ислам мемлекеттері арасында ынтымақтастықты күшейтуді мақсат еткен саммитте Ислам қоғамына қатысты мәселелердің қолға алынуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар