Еуроодақ Ливия деклерациясын жариялады

Еуроодақ Сыртқы істер Кеңесі жиналысының артынан қабылданған декларацияда террор қаупіне назар аударылды.

1200803
Еуроодақ Ливия деклерациясын жариялады

Еуроодақ Халифа Хафтерге қарасты қарулы күштердің шамамен 1 ай бұрын бас қала Триполиге бағыттап бастаған операциясының Ливияның тұрақтылығы мен халықаралық бейбітшілікке қауіп төндіргенін білдірді.

Еуроодақ Сыртқы істер Кеңесі жиналысының артынан қабылданған декларацияда «Ливия Ұлттық армиясының бас қала Триполиде бастаған әскери операция және кейінгісінде бас қала ішінде және төңірегінде артқан қызу халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікпен Ливияның тұрақтылығына қауіп төндіреді» делінді.

Декларацияда Хафтер жасаған шабуылдардың ел көлемінде террор қаупін арттырғанына назар аударылып, «Еуроодақ Ливияның егемендігіне, тәуелсіздігіне, шекара тұтастығына және ұлттық бірлігіне бағыныштылығын қайталайды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар