Үндістандағы дауылда 5 мың 800 мектепке материалды зиян келді

Үндістанды шайқаған Фани дауылында қаза тапқандар саны 41-ге ұласты.

1198725
Үндістандағы дауылда 5 мың 800 мектепке материалды зиян келді

«Hindustan Times» газетінің хабарына қарағанда Бхубанествар (Bhubaneswar) қаласында қаза тапқандармен қоса уәлаят көлемінде қаза тапқандар саны 41-ге ұласты.

17 мың 280 жануар қырылған дауылда уәлаяттың 14 мың 835 ауылында үйлер, жолдар, электр мен коммуникациялық байланыс желілеріне үлкен зиян келді.

Ең ауыр материалды шығынның Пури аймағында болғанын атап көрсеткен жедел жағдайлар лауазымдылары уәлаят көлемінде мыңнан астам денсаулық сақтау орталығы мен шамамен 5 мың 800 мектептің материалды шығынға ұшырағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар