Қарулы кісі мешітке кіруге тырысты

Қауіпсіздік күштері мешітті қорғауға алды.

1198524
Қарулы кісі мешітке кіруге тырысты

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда бір мешітке қарулы бір кісі кіруге тырысты.

Қауіпсіздік күштері мешітті қорғауға алды.

Лондон полициясы қарулы бір кісінің жергілікті уақытпен сағат 22.45-те Севен Кидс мешітіне кіруге тырысқаны жөнінде ақпар алды.

Жергілікті баспасөз қарулы және маска таққан бір кісінің мешітке кіруіне жамағаттың кедергі болғанын,  бір рет қару даусы естілгенін жазды.

Оқиға тарауық намазы кезінде болды.

Полиция оқиға болған жерде күдіктінің қашып кеткенін, аймақта іздеу жүргізілгенін білдірді.

Лондонда 2017 жылы Финсбори Парк мешітіне жақын жерде көлікпен жасалған лаңкестікте бір кісі қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар