Лавров пен Помпео Финляндияда бас қосты

Ресей Сыртқы істер министрі Венесуэлаға бағытталған әскери операцияға ешкімнің қолдау бермегенін атап көрсетті

1196275
Лавров пен Помпео Финляндияда бас қосты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Венесуэлада әскери операцияға ешкімнің қолдау бермегенін атап, «Барша қолдаған осы түсініктің іс-жүзінде өзгеріп, әскери шешім қабылданбауын үміт етемін. Әйтпесе бұл үлкен бір апат болар» деді.

Финляндияның Рованиеми қаласында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесуінің артынан баспасөзге мәлімдеме жасаған Лавров әріптесімен стратегиялық тұрақтылыққа бағытталған тақырыптарды қолға алғандарын атап көрсетті.

Венесуэлаға бағытталған кезкелген бір әскери операцияның басқа елдерден қолдау көрмегенін атап көрсеткен Лавров «Мен американдық, еуропалық, Латын Америкалық әріптестеріммен байланыстарымда абайсыз бір әскери шешімнің қолдаушыларын көрген жоқпын. Барша қолдаған осы түсініктің іс-жүзінде өзгеріп, әскери шешім қабылданбауын үміт етемін. Әйтпесе бұл үлкен бір апат болар» деді.



Ұқсас жаңалықтар