Ираннан АҚШ-қа наразылық

Иран АҚШ-тың психологиялық соғыс шығаруға тырысқанын атап көрсетті.

1196625
Ираннан АҚШ-қа наразылық

Хүсреви Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонның Иранға ес жиғызу үшін «USS Abraham Lincoln» атты ұшақ соғыс кемесі мен бір бомбалау қызмет күшін Таяу Шығысқа жіберетіндері жөніндегі мәлімдемесінің артынан АҚШ әкімшілігін сынға алды.

Хүсреви АҚШ-қа тиесілі «USS Abraham Lincoln» ұшақ соғыс кемесінің 21 күн бұрын Иран армиясының бақылауындағы Жерорта теңізіне кіргенін атап, «Болтон әскери және қауіпсіздік түсінігінен мақұрым. Жасаған мәлімдемелері болса әсіресе құқай көрсету мақсатты және ықпалсыз бір психологиялық соғыс тактикасы болып табылады» деді.

АҚШ армиясының аймақтық дағдарыстар алдында әрдайым табыссыз екенін алға тартқан Хүсреви «АҚШ армиясы мен қолбасшыларының Иран армиясының күшін сынауға тырысқанын ойламаймыз» деді.

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон кеше жасаған жазбаша мәлімдемеде «Көптеген уайымдарды арттырып, дағдарысты одан әрі асқындыратын белгілерге қарсы талай ескертулер жасалды. Осыларға қарамастан Иран режиміне АҚШ-тың немесе одақтастарының мүдделеріне бағытталған кезкелген бір шабуылға қатаң түрде жауап қайтарылатынын нақты және тұрақты түрде көрсету мақсатты Америка Құрама Штаттары «USS Abraham Lincoln» ұшақ соғыс кемесі мен бір бомбалау қызмет күшін Орталық Күштер қолбасшылығы аймағына жібереді» делінді.

АҚШ-тың Иранмен бір қақтығысты қаламағанын алға тартқан Болтон «Бірақ кезкелген бір шабуылға жауап қайтару үшін толығымен дайынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар