Араб одағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шақыру тастады

Араб парламенті халықаралық қоғамға Израиль армиясының Газаға бағытталған шабуылдарын тоқтатуы үшін шақыру тастады.

1195595
Араб одағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шақыру тастады

Араб парламенті жасаған мәлімдемеде БҰҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Израиль армиясының Газа секторында Палестина халқына қарсы бастаған шабуылдарын тоқтатуы үшін қозғалуға шақырды.

Мәлімдемеде сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен палестиналық жазықсыз адамдарды қорғап, шабуылдарды тоқтату үшін ашық бір ұстаным ортаға қоюы талап етілді.

Араб парламенті Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарын, Батыс Шерия және Иерусалимдегі тұрғын аймақтарын кеңейтуін және палестина халқына қарсы бастаған этникалық тазалықты қатаң түрде айыптағанын да жариялады.

Израиль армиясы сенбі күні азанда Газадағы жазықсыз адамдарға бағыттап бастаған әуе шабуылдарында 24 палестиналық шәйіт болған, 154 адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар