Сәбилерге ең көп Мұхаммед есімі берілген

Берлинде былтыр дүниеге келген балаларға ең көп Мұхаммед есімі берілген.

1194409
Сәбилерге ең көп Мұхаммед есімі берілген

Германияның бас қаласы Берлинде былтыр дүниеге келген балаларға ең көп Мұхаммед есімі берілген.

«Германия үшін Тіл қоғамы» тарапынан жүргізілген зерттеуге қарағанда,  Берлинде 2018 жылы дүниеге келген 22 мың 177 ер баланың 280-іне Мұхаммед аты берілген. Қалада екінші кезекте қолданылған есім Луис. Ол 244 сәбиге берілген.  

Мұхаммед Бремен қаласында да ең көп қолданылған есім болды.

Статистикалық деректерге қарағанда, Германия көлемінде ер балаларға былтыр ең көп берілген есім – Паул, қыздарға берілген есім - Мари.



Ұқсас жаңалықтар