Нигериядағы қарулы шабуылда 15 адам қаза тапты

Батыс Африка мемлекеті Нигерияның солтүстік батысында жасалған қарулы шабуылда 15 адам қаза тапты.

1193837
Нигериядағы қарулы шабуылда 15 адам қаза тапты

Катсина уәлаяты полиция мәлімдемешісі Гамбо Исах журналисттерге жасаған мәлімдемеде уәлаяттың Сафана аймағында кім екені белгісіз қарулы адамдар тарапынан жасалғанын білдірді.

Исах шабуылда 15 адамның қаза тапқанын, көптеген аламның да ауыр жарақат алғанын атап көрсетті.

Шабуылда көптеген үйдің өртенгенін атап көрсеткен Исах аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін және оқиғамен байланысты тергеу ашылғанын мәлімдеді.

Аталмыш аймақ кейде шопандар мен диқандар арасында қарқынды қақтығыстарға сахна болуда. Малдарын жаю үшін елдің оңтүстігіне қоныс аударған Фуланилер диқандардың малдарын ұрлауға әрекет жасағанын және өздеріне шабуылдағанын алға тартады.



Ұқсас жаңалықтар