Эфиопияда екі этникалық топ арасында шыққан қақтығыста 17 адам мерт болды

Эфиопияда көпшілігі этникалық қақтығыстар себепті 2.2 миллион адам мекенінен айрылған.

1192175
Эфиопияда екі этникалық топ арасында шыққан қақтығыста 17 адам мерт болды

Эфиопияның батысында екі этникалық топ арасында шыққан қақтығыстарда 17 адам мерт болды.

Амхара ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда  елдің батысындағы Бенишангул-Гумуз уәлаятында Амхара және Хумус этникалық топтары арасында үш күн бойынша жалғасқан қақтығыстарда 17 адам қаза тапты.

Қарулы қақтығыспен қоса, көптеген үйлер де өртелді. Федералдық күштердің аймаққа орналасуымен қақтығыстар аяқталды.

Қақтығыстардың бір көлік жүргізушісі мен қонақ арасында бағада келісе алмау себепті шыққаны жеткізілді.

Халықаралық Көш ұйымының санағына қарағанда, Эфиопияда көпшілігі этникалық қақтығыстар себепті 2.2 миллион адам мекенінен айрылған.



Ұқсас жаңалықтар