Судандағы ереуілдерде 53 кісі мерт болған

Денсаулық министрлігі 53 адамның қаза тапқанын, 734 адамның жараланғанын білдірді.

1190809
Судандағы ереуілдерде 53 кісі мерт болған

Суданда желтоқсан айында өмір сүрудің қымбаттығы сылтауымен басталған, артынан режимге қарсы ереуілге айналған және әскери төңкеріспен аяқталған шерулерде қазірге дейін 53 кісі қаза тапты.

Судан Денсаулық сақтау министрлігі Хартум уәлаят басшысы Бабекир Мұхаммед Али 19 желтоқсаннан бері астана Хартум және басқа аймақтардағы ереуілдер мен отырыс іс-шаралары кезінде 53 адамның қаза тапқанын, 734 адамның да жараланғанын білдірді.

Жергілікті ақпаратта шыққан хабарларға қарағанда Али Хартумда ұйымдастырылған жиналыстағы сөзінде ереуіл кезінде 40 кісінің мерт болғанын, 13 адамның емделу шипа болмай қайтыс болғанын, 734 адамның жараланғанын айтқан.

Адам құқығы бақылау ұйымы 18 сәуірде судандық бақылаушыларды негіз еткен рапортында протест ереуілдерінде 100-ден астам ереуілшінің қаза тапқанын жазған болатын.



Ұқсас жаңалықтар