Жол апатында 28 неміс турист қаза тапты

Португалияның Мадейра аралында неміс туристтер мінген тур автобусы жол апатына түсті. Оқиғада 28 адам қаза тапты.

1185526
Жол апатында 28 неміс турист қаза тапты

Португалия баспасөзі Мадейра аралы жергілікті әкімшілігінің ақпарат көздеріне сілтеген хабарында Джаничо қаласында неміс туристтер мінген автобус жүргізушісінің бақылауынан шығып бір үйдің үстіне құлады.

Санта-Круз қалалық әкімі Филипп Сауса RTP3 телеарнасына жасаған мәлімдемеде апатта 11 еркек, 17 әйел барлығы 28 неміс туристтің қаза тапқанын, португалиялық автобус жүргізушісі мен тур жетекшісінің болса жеңіл жарақат алғандарын жариялады.

Португалия президенті Марсело Ребело де Соузаның апаттың артынан Мадейра аралына барғаны білдірілді.

Мадейра аралында 2005 жылы болған жол апатында да 5 италияндық турист қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар