Еуропа парламенті террормен күресте табанды

Еуропа парламенті әлеуметтік медиада террормен күрес үшін бір қатар шара қабылдады.

1185818
Еуропа парламенті террормен күресте табанды

Еуропа парламенті «Google», «Facebook» және «Twitter» сияқты әртүрлі интернет платформаларында орын алған террормен байланысты мазмұндарды 1 сағаттың ішінде жоюға шешім қабылдады.

Францияның Страсбург қаласында жиналған Еуроодақ Парламенті жалпы кеңесі әртүрлі интернет платформаларында орын алған террормен байланысты мазмұндарды жылдам жоюды қамтамасыз ететін жаңа ережелерді 308 дауыспен қабылдады. Парламенттегі дауыс беруде 204 қарсы дауыс шықты.

Реттеуге қарағанда әлеуметтік желіде Еуроодақ мүшесі елдердің жауапты мекемелерінен шағым түскен жағдайда террор мазмұнды материалдар 1 сағаттың ішінде жойылатын болады.

Террормен байланысты мазмұны бар материалдарды жою тақырыбында жауапты қозғалмаған платформаларға жаһандық табыстарының 4 пайызына дейін жаза беріледі.

Реттеудің заңды түрде іске қосылуы үшін Еуропа Кеңесі тарапынан бекітілуі міндетті.



Ұқсас жаңалықтар