Демократиялық Конго Республикасында суға батқан қайықтағы 150 адам жоғалып кеткен

Куәгерлер 33 адамның құтқарылғанын, 3 кісінің мәйіті шығарылғанын, қалған адамдардың хабарсыз кеткенін жеткізді.

1185391
Демократиялық Конго Республикасында суға батқан қайықтағы 150 адам жоғалып кеткен

Демократиялық Конго Республикасының шығысындағы бір көлде батып кеткен қайықтағы 150 адам із-тозсыз жоғалып кеткен.

Президент Феликс Тшисекеди әлеуметтік ақпарат желісінен жасаған мәлімдемесінде, 15 сәуірде көлде ағаш қайықтың батқанына қайғырғанын білдіріп, алғашқы анықтауларға қарағанда 150 адамның жоғалып кеткенін хабарлады.

Қайықтың Солтүстік Киву қаласынан Оңтүстік Кивуға бару мақсатымен жолға шыққаны және Калехе аймағы маңында суға батқаны білдірілді.

Аймақта жүрген бір активист 33 адамның құтқарылғанын, 3 кісінің мәйіті шығарылғанын, қалған адамдардың хабарсыз кеткенін жеткізді. 

Қалың орман арасындағы Демократиялық Конго Республикасында автожол инфрақұрылымдары жеткіліксіз болғандықтан, тасымал жұмыстары елдегі ірі көлдер мен теңіздерде қайықпен жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар