Ливияда 10 күннен бері жалғасқан қақтығыстарда 121 адам қаза тапты

Ливияда 10 күннен бері жалғасқан қақтығыстарда қаза тапқандар саны 121-ге, жаралы саны болса 561-ге ұласты.

1182990
Ливияда 10 күннен бері жалғасқан қақтығыстарда 121 адам қаза тапты

Әлем денсаулық сақтау ұйымы ресми твиттер парақшасы арқылы жасаған мәлімдемеге қарағанда Ливиядағы соңғы қақтығыстарда қазірге дейін 121 адам қаза тапты, 561 адам жарақат алды.

Мәлімдемеде денсаулық сақтау ұйымының Ливияға медициналық материал мен денсаулық сақтау қызметкерлері жіберетіні атап көрсетілді.

Ливияның шығысындағы әскери күштердің басшысы генерал Хафтер бас қала Триполиді бақылауға алу үшін 4 сәуір күні шабуыл үшін бұйрық берген, бас қалада қоныстанған Ұлттық Келіссөз үкіметіне қарасты жасақтар да операция бастаған болатын.

Әлем денсаулық ұйымы 10 күннен бері Триполи төңірегінде артқан қақтығыстарда 7 жазықсыз, барлығы 75 адамның қаза тапқанын, 323 адамның жарақат алғанын жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар