Идлибке әуе шабуылы жасалды

Режим күштері Сирияда "Идлиб дағдарысты азайту аймағына" түнгі уақытта әуе шабуылы жасады.

1182913
Идлибке әуе шабуылы жасалды

Сирияда «Идлиб дағдарысты азайту аймағы» ішіндегі тұрғын аймақтарына түнгі уақытта жасалған әуе шабуылдарында бір жанұядан 3 бала 5 адам жарақат алды.

«Идлиб дағдарысты азайту аймағы» шекарасы ішінде қаланың оңтүстігіндегі Эриха ауданына қарасты Урем әл-Джуз ауданына, Бсенкул ауылы мен Джебел әл-Арбаин аймақтарының маңына түнгі уақытта әуе шабуылы жасалды.

Азаматтық қорғаныс топтарының мәлімдемесіне қарағанда шабуылдарда бір жанұядан 3 бала барлығы 5 адам жарақат алды. Оппозициялық ұшақ бақылау орталығы болса әлеуметтік медиа арқылы «Лазкийедегі Хымеймим базасынан көтерілген екі орыс ұшағы Идлибтің Урем әл-Джуз, Бсенкул және Джебел әл-Арбаин аймақтарының маңына шабуыл жасады» деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар