БҰҰҚК жедел жиналады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Судан күн тәртібіне орай жел жиналады.

1181760
БҰҰҚК жедел жиналады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Судан күн тәртібіне орай жел жиналады.

Кеше Судан армиясы президент Өмер әл-Беширдің барлық өкілеттігін тоқтатқанын жариялады. 2 жылдық өтпелі кезеңнің басталғанын мәлімдеген Судан армиясы үкіметті отставкаға жіберіп, коменданттық сағат жариялады.

Судан Қорғаныс министрі сондай-ақ әуе кеңістігі мен шекара қақпаларының 24 сағатқа жабылатынын атап, атазаң жұмыстарының тоқтатылғанын, премьер-министрлік, Мәжіліс және уәлаят әкімшіліктерінің күшін жойғанын атап көрсеткен еді.

Ел көлемінде 1 ай бойынша сағат 19:00-ден кейін коменданттық сағат іске қосылып, көшеге шығуға тыйым салынған.

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі армияның билікті қолға алған Судан күн тәртібіне орай жиналады.

Ұлыбританияның БҰҰ тұрақты өкілінің орынбасары Джонатхан Аллен Суданда армияның билікті қолға алуына орай Америка Құрама Штаттары, Франция, Ұлыбритания, Польша, Германия және Бельгияның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесін жиналысқа шақырғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар