Индонезиядағы сел апатынан 24 мың 813 адам селден зардап шекті

Индонезияда нөсер жауын салдарынан су тасқындары мен топырақ көшкіндері жиі болуда.

1181185
Индонезиядағы сел апатынан 24 мың 813 адам селден зардап шекті

Индонезиядағы сел апатынан 24 мың 813 адам селден зардап шекті.

Индонезияда нөсер жауын салдарынан су тасқындары мен топырақ көшкіндері жиі болуда.

Индонезияның Батыс Джава  уәлаятында өткен апта басынан осы таңға дейін жалғасқан сел апатынан 24 мың 813 адам зардап шекті.

Ұлттық апат басқару агенттігі BNPB мәлімдемешісі Сутопо Пурво Нугрохо  Бандунг қаласы және маңынан 700 адамның қауіпсіз аймаққа апарылғанын білдірді.

Сел апатында 24 мың 813 адамның зардап шеккенін мәлімдеген Нугрохо 8 мың  271 үйдің де зақымдалғанын атап өтті.

Нугрохо 22 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған аймақта жәрдем жұмыстарының да жалғасқанын мәлімдеді.

Папуа уәлаятында өткен ай болған сел апатында 100-ден астам адам қаза тапқан еді.

Тропикалық климатқа ие Индонезияда нөсер жауын салдарынан су тасқындары мен топырақ көшкіндері жиі болуда.

 



Ұқсас жаңалықтар