Араб Одағы Израильге ескерту жасады

Араб Одағы Каирде "Араб Мәдениеті күніне" орай өткізген рәсімге Палестина және басқа елдер өкілдері қатысты.

1176628
Араб Одағы Израильге ескерту жасады

Араб Одағы Иерусалимнің демографиялық құрылымын бұзу талпыныстары себепті Израиль әкімшілігіне ескерту жасады.

Араб Одағы Бас хатшысының орынбасары иорданиялық Хейфе Әбу Газеле "Араб Мәдениеті күніне" орай  Мысырдың астанасы Каирде ұйымдастырылған рәсімде Иерусалимдегі палестиналықтардың жан саны салыстырмасының 36 пайыз екенін, алайда Израиль әкімшілігінің осы салыстырманы 12 пайызға түсіруге талпынғанын айтты. 

Иерусалимнің демографиялық құрылымын бұзу талпыныстары себепті Израиль әкімшілігіне ескерту жасаған Әбу Газеле иерусалмдік мұсылмандардың және христиандардың этникалық құжаттарын өзгерту талпынысы болғанын білдірді.

Араб Одағы Бас хатшысының орынбасары Израильдің 1967 жылдан кейінгі кезеңде Ақса Мешітінің батысында және Бурак Қабырғасы алаңындағы қазбаларды жалғастыру тақырыбында қасарысқанын атап көрсетті. 

Араб Одағы Мысырдың астанасы Каирде "Араб Мәдениеті күніне" орай ұйымдастырылған рәсімге Палестина және басқа елдердің өкілдері қатысты.  



Ұқсас жаңалықтар