Капутова Словакияның президенті болды

Словакияның бесінші президенті Капутова – елдің тұңғыш әйел президенті.

1174071
Капутова Словакияның президенті болды

Словакияда президенттік сайлаудың екінші турында дауыстың 58 пайызын жинаған Зузана Капутова президент болды.

Сайлаудың екінші турында Ілгерілеуші Словакия партиясының кандидаты Капутова мен биліктегі Бағыт-Социал демократ партиясының кандидаты Марош Шефчович бақ сынасты.

Бейресми санаққа қарағанда,  президент болып сайланған Капутова 58, Шефчович 41 пайыз дауыс жинады.

16 наурыз күнгі сайлаудың бірінші турында ең көп дауыс жинаған Капутова мен Шефчович екінші турға қалған еді.

Словакияның бесінші президенті Капутова – елдің тұңғыш әйел президенті.



Ұқсас жаңалықтар