Анголаның батысында сел апатында 19 кісі қаза тапты

Аймақтарда сел апатына орай көптеген ғимарат, емхана және мектептер қолданыстан қалды.

1170461
Анголаның батысында  сел апатында 19 кісі қаза тапты

Анголаның батысында әсерлі болған нөсерлі жаңбыр себеп болған сел апатында 19 кісі қаза тапты.

Жергілікті ақпараттың хабарына қарағанда, ел астанасы Луанда, Хуила және Бенгела аймақтарында әсерлі болған нөсерлі жаңбырдың артынан келген сел апатында 19 адам қаза тапты, 8 кісі із-түзсіз жоғалып кетті.

Аймақтарда сел апатына орай көптеген ғимарат, емхана және мектептер қолданудан шықты, 130-дан астам кісі баспанасыз қалды.

Іздеу-құтқару  жұмыстары жалғасып жатыр, лауазымдылар қаза болған адам санының артуынан алаңдап отыр.

Ангола президентінің орынбасары Борнито де Соус аймаққа барып, апаттан зардап көрген жанұяларға жәрдем беретінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар