Жаңа Зеландияда Королдық тергеу комиссиясы құрылды

Жаңа Зеландия Джасинда Ардерн Королдық тергеу комиссиясын құрғанын айтты.

1170179
Жаңа Зеландияда Королдық тергеу комиссиясы құрылды

Жаңа Зеландия Джасинда Ардерн Королдық тергеу комиссиясын құрғанын айтты.

Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн Крайстчерч қаласында 51 адам қаза тапқан террор шабуылдарын тексеру үшін Королдық тергеу комиссиясын құрғанын мәлімдеді.

Радио Жаңа Зеландияның (RNZ) хабарына қарағанда премьер-министр Ардерн министрлер кеңесінен кейін жасаған мәлімдемесінде Крайстчерч қаласында екі мешітке жасалған шабуылды тексеру үшін Королдық тергеу комиссиясын құрғанын айтты.

Жаңа Зеландия азаматтары және мұсылман қауымдардың террор шабуылының қалай ұйымдастырылғаны жөнінде сұрақтар қойғанын еске салған Ардерн «Королдық тергеу комиссиясы террор шабуылын тексереді. Террорды қалай тосу керектігі жайлы ұсыныстар қояды» деген сөздер қолданды.

Комиссияның Үкімет коммуникация қауіпсіздік басқармасы, ұлттық барлаe ұйымы, полиция, кеден, мигрант басқармасы және басқа қатысты ұйымдарды тексеретінін білдірген Ардерн «Біздің жоспарымыз Жаңа Зеландияда бұндай оқиғаның тағы да қайталанбауын қамтамасыз ету» деді.



Ұқсас жаңалықтар