Жаңа Зеландияда террор шабуылы құрбандары еске алынды

Мешіт шабуылы құрбандары Крайстчерчтегі "Hagley" паркінде еске алынды.

1169609
Жаңа Зеландияда террор шабуылы құрбандары еске алынды

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында 15 наурыз күні жұма намазы кезінде екі бөлек мешітке жасалған террор шабуылында қаза тапқандар үшін қаладағы Hagley паркта еске алу рәсімі ұйымдастырылды.

Нұр және Линвуд мешіттеріне жасалған террор шабуылында қаза тапқан 50 адам үшін Крайстчерчте ұйымдастырылған еске алу бағдарламасына әртүрлі этникалық топқа мүше он мыңдаған адам қатысты.

Лауазымдылар Нұр мешіті маңындағы Hagley паркта түстен кейін басталған және кешкі уақытта да жалғасқан бағдарламаға 40 мың адамның қатысқанын болжады.

Дұғалар оқылып, тілектер айтылған бағдарламада террор шабуылында қаза тапқан 50 адамның аттары оқылды.



Ұқсас жаңалықтар