Тигр өзенінде 200-ге жуық жолаушысы бар паром суға кетті

Оқиғада қаза тапқандар арасында шетелдік туристтер де бар.

1168209
Тигр өзенінде 200-ге жуық жолаушысы бар паром суға кетті

Ирактың Мосул қаласынан өткен Тигр өзенінде бір паромның суға кетуі салдарынан кем дегенде 40 адам қаза тапты.

Ирак денсаулық сақтау және аурухана ақпарат көздері қаза тапқандар арасында бала мен әйелдер бар екенін мәлімдеді.

Мағлұматтарға қарағанда апатта қаза тапқандар арасында туристтер де бар көрінеді.

Паромға адамдардың артық мінгені алға тартылады. Паромда кем дегенде 200 адам болғаны болжалады.



Ұқсас жаңалықтар