Италияда балалар үлкен апаттан құтқарылды

Италияда жүргізуші мектеп автобусын ішіндегі балалармен қоса өртеп жіберді.

1167817
Италияда балалар үлкен апаттан  құтқарылды

Италияда жүргізуші мектеп автобусын ішіндегі балалармен қоса өртеп жіберді.

Италияның солтүстігіндегі  Милан қаласы төңірегінде бір мектептің жүргізушісі ішінде 50-ден астам оқушы отырған автобусты айдап әкетті. Ол сол автобуспен бірнеше полиция көлігін соғып өтіп, сосын ішіндегі балалармен қоса өртеп жіберген. Алайда, шын мәнінде ешкім өлген жоқ, балалар автобустың артқы терезесі арқылы сыртқа шығып үлгерді. Терезені автобустың соңынан қуып жеткен полицейлер сындырған болатын.

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан 14 адам түтіннен уланған, дегенмен олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. «Бұл нағыз ғажайып. Әйтпесе бір адам да аман қалмай, нағыз трагедия болар еді», - деді Миланның бас прокуроры Франческо Греко. Жүргізуші тұтқындалды. Ол - Сенегалда туып-өскен 47 жастағы Италия азаматы екен. Автобуста балалармен бірге болған мұғалімнің сөзінше, жүргізуші Италияның көші-қон саясатына көңілі толмайтынын бірнеше рет айтқан.  



Ұқсас жаңалықтар