"Босния  қасабы" Караджичке өмір бойы түрме жазасы берілді

Осының алдында берілген 40 жыл түрме жазасын бұзған Жоғарғы Сот Кеңесі Караджичке өмір бойы түрме жазасын берді.

1167547
"Босния  қасабы" Караджичке өмір бойы түрме жазасы берілді

"Босния  қасабы" аталған ескі серб лидер Радован Караджичке жоғарғы сот өмір бойы түрмеге жабу жазасын берді.

Голландияның Гагаа қаласында бұрынғы Югославия Халықаралық жаза Сотында 2016 жылы қырғын, соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыстардан 40 жыл түрме жазасы берілген Караджичтің соңғы жазасы белгіленді. 

Бұрынғы Югославия Халықаралық жаза Соты 2017 жылы жабылғаннан кейін жалғасып жатқан соттарды өткізіп алған Халықаралық Жаза Соттары механизмі Жоғарғы Сот Кеңесі үш жылдан бері жалғасып келе жатқан Караджичтің сотында соңғы шешімді жариялады.   

Кеңес босниялық сербтердің ескі лидері Караджичті 1995 жылғы Серебреница қырғынымен қоса, 1992-1995 жылдары арасында болған Босния Соғысында жасалған соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы жасалған қылмыстардан жазалады.

Осының алдында берілген 40 жыл түрме жазасын бұзған Жоғарғы Сот Кеңесі 73 жастағы Караджичке өмір бойы түрме жазасын берді.



Ұқсас жаңалықтар