АҚШ соғыс ұшақтары Оңтүстік Қытай теңізінде

АҚШ атомдық бомба тиелген B-52H типті ұшағы  Оңтүстік Қытай теңізінде жаттығу жасады.

1164617
АҚШ соғыс ұшақтары Оңтүстік Қытай теңізінде

АҚШ соғыс ұшақтары Оңтүстік Қытай теңізінде.

АҚШ атомдық бомба тиелген B-52H типті ұшағы  Оңтүстік Қытай теңізінде жаттығу жасады.

Америка Құрама Штаттары Үнді-Тынық мұхит қолбасшылығы (INDOPACOM) атомдық бомба тиелген B-52H типті ұшағының Оңтүстік Қытай теңізіндегі (Қытайда Оңтүстік теңіз деп аталады, ағл. South China Sea) Қытай теңіз күштері бақылауындағы бір арал маңында байырқалай жаттығу жасағанын баяндалды.

INDOPACOM-нан жасалған жазбаша мәлімдемеде АҚШ Әуе күштеріне қарасты Гуам аралында қондырылған атомдық бомба тиелген B-52H типті ұшағының Оңтүстік Қытай теңізінде байырқалай жаттығу жасағанын білдірді.

Мәлімдемеде «АҚШ ұшақтары одақтастарымызға қолдау көрсету, ашық және еркін Үнді-Тынық мұхит үшін жүйелі түрде Оңтүстік Қытай теңізінде жұмыс істеуде» деген сөздерге орын берді.

Өткен апта да тағы да АҚШ-қа тиесілі B-52H типті соғыс ұшағы Жапония әуе кеңестігіне қараста соғыс ұшақтарымен бірге осы аймақта жаттығу жасаған еді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар