Әйфель мұнарасының жарықтары құрбандар үшін сөндірілді

Эйфель мұнарасы жарығын Жаңа Зеландиядағы шабуыл құрбандарын еске алу үшін сөндірді.

1164674
Әйфель мұнарасының жарықтары құрбандар үшін сөндірілді

Эйфель мұнарасы жарағын Жаңа Зеландиядағы шабуыл құрбандарын еске алу үшін сөндірді.

Францияның астанасы Париждің символы  Эйфель мұнарасының  жарықтары Жаңа Зеландияда екі мешітке ұйымдастырылған террор шабуылында қаза тапқан мұсылмандарды еске алу үшін сөндірілді.

Париж қаласының әкімі Анн Идальгоның бұйрығымен түнгі жарықтары сөндірілген Эйфель қараңғыға бөленді.

Идальго Твиттер арқылы шабуылға байланысты «Мұсылман болғандары үшін бейуаз әйелдер, еркектер және балалар тағы өлтірілді. Париж қаласының азаматтары атынан Жаңа Зеландия халқына және мұсылман қауымға көңіл айтамын» деді.

«Осы шабуыл салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін Эйфель мұнарасының  жарығын  жұма күні түнде сөндірдік», - деді ол.

Жұма күні қаруланған топ жаңазеландиялық Крайсчерчтегі Аль-Нур және Линвуд мешіттеріне баса көктей кіріп, сол уақытта мешітте болған жүздеген адамдарға оқ атқан. Лаңкестік салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 49 адам қаза тауып, жарақат алған ондаған адам ауруханаға жеткізілген. Шабуылға айыпталған үш адам тұтқындалды.

 



Ұқсас жаңалықтар