Венесуэладағы америкалық дипломаттар елдеріне кетті

Майк Помпео Венесуэладағы қалған барлық АҚШ дипломаттарының елге оралғанын білдірді.

1164148
Венесуэладағы америкалық дипломаттар елдеріне кетті

Венесуэла үкіметі елден кетуге 72 сағат берген америкалық дипломаттар мерзім толмастан осы елден кетті.

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Венесуэладағы қалған барлық АҚШ дипломаттарының елге оралғанын білдірді.

Помпео хабарламасында: «Бұның олар үшін қиын екенін білемін. Себебі олар өздерін Венесуэла халқының демократия және жақсы болашағы үшін көмектесуге арнады» деген сөздер қолданды.

Помпео айырықша АҚШ әкімшілігінің өзін уақытша мемлекет басшысы деп жариялаған Хуан Гуаидоны заңды лидер деп тануын жалғастыратынын атап көрсетті.

Венесуэла Сыртқы істер министрі Хорге Арреаза сейсенбі күні америкалық дипломаттардың 72 сағат ішінде елден кетуін талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар