Brexit келісімі қайта дауысқа салынады

Үкіметтің ұсынысы 202 дауысқа қарсы 412 қабыл даусымен мақұлданды.

1163845
Brexit келісімі қайта дауысқа салынады

Ағылшын парламенті үкіметтің елдің Еуропа Одағынан шығу (Brexit) келісімінің қайта дауысқа салынуын және Brexit-тің 30 маусымға қалдырылуын көздеген ұсынысын қабылдады.

Бұдан бұрын екі рет кері қайтарылған Brexit келісімінің 20 наурыздан бұрын қайта дауысқа салынуына байланысты үкіметтің ұсынысы 202 дауысқа қарсы 412 қабыл даусымен мақұлданды.

Ұсынысқа қарағанда, келісім парламентте қабылданған жағдайда, Тереза Мэй үкіметі Еуропа Одағынан Brexit-тің 30 маусым күніне дейін кешіктірілуін талап етеді. Үкімет осы талабын Еуропа Одағына 21 наурыз күні болатын лидерлер саммитінде білдіруі керек.



Ұқсас жаңалықтар