Алмания Сирияға 1.44 миллиард евролық гуманитарлық жәрдем береді

Алмания Сыртқы істер министрі Хайко Маас Сирияға 1.44 миллиард евролық гуманитарлық жәрдем беретіндерін білдірді.

Алмания Сирияға 1.44 миллиард евролық гуманитарлық жәрдем береді

Алмания Сыртқы істер министрі Хайко Маас Сирияға 1.44 миллиард евролық гуманитарлық жәрдем беретіндерін білдірді.

Хайко Маас жазбаша мәлімдеме жариялап, Бельгияның астанасы Брюссельде  "Сирияның және аймақтың болашағына қолдау беру" тақырыбында конференция өткізілгеніне меңзеп, 8 жылдан бері жалғасып жатқан соғыстан кейін Сирияның күн тәртіпте болмағанын, алайда Идлибтегі оқиғалардың өздерін алаңдатып отырғанын білдірді. 

Қақтығыстардың қайтадан алаулануының сөзсіз тосылуы керектігін білдірген Маас:

"Адамдардың қауіпсіз және сенім ішінде еліне, яғни Сирияға ерікті түрде қайтулары үшін  жағдай жасалғанға дейін әлемнің ол жердегі және көрші елдердегі адамдарды жалғыз тастамағаны жөн. Сол себепті Алмания биыл ұйымдастырылған Брюссельдегі Сирия конференциясында жалпы 1.44 миллиард евро жәрдем береді" деп көрсетті. 

Гуманитарлық жәрдем ережелеріне құрмет көрсетілуін  сұраған Маас Сирияда барлық тараптар гуманитарлық жәрдем материалдарының барлық аймақтарға жеткізілуін қамтамасыз етуі және халықаралық адамгершілік құқық қағидаларына бағынулары керектігін атап көрсетті. 

Сирияда тұрақтылық пен бейбітшіліктің келісімге келінген бір саяси шешім аясында жүзеге асуына сенетінін білдірген Маас сол себепті Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия арнайы өкілі Гейр Педерсенді қолдайтындарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар