Украина да әуе кеңістігін жапты

Өзбекстан да Boeing ұшақтарына өз әуежайларын жапты.

1163325
Украина да әуе кеңістігін жапты

Украина Эфиопияда болған ұшақ апатынан кейін Boeing 737 Max типті ұшақтарға әуе кеңістігін жапты.

Украина Мемлекеттік авиация қызметінің хабарламасында Boeing 737 Max типті ұшақтардың ұшуына байланысты шешім қабылданғаны білдірілді.

Хабарламада Украинаның Boeing 737 Max типті ұшақтарға әуе кеңістігін жапқаны хабарланды.

Өзбекстан та аталмыш ұшақтарға әуежайын жабу шешімін қабылдады. Ал Boeing 737 Max типті ұшақтардың ел әуе кеңістігінен өтуіне тыйым салмады.

Эфиопия Әуе жолдарының Boeing 737 Max 8 типті жолаушы ұшағы 10 наурыз күні апатқа ұшырап, ұшақтағы 157 адам қаза болған еді.

Эфиопиядағы соңғы апаттан кейін Түркия, Сингапур, Қытай, Эфиопия, Индонезия,  Австралия, Малайзия, Оман, Ұлыбритания, Германия, Франция, Голландия,  Австрия, Еуропа Одағы, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері,  Жаңа Зеландия,  Фижи,  Гонгког, Ливан, Косово, Бахрейн,  Мысыр және Тайланд Boeing 737 Max типті ұшақтардың ұшуын тоқтатып, әуе кеңістіктерін осы ұшақтарға жапты.



Ұқсас жаңалықтар